ULYTAU AQPARAT Қорытынды жаңалықтар 14.03.23
1. Бүгін ізгілік пен мейірімнің мерекесі – көрісу күні. Амалды әсіресе, батыс өңіріндегі жұртшылық қал-қадірінше тойлайды.Ұлытаулықтар да мерекені барынша сән-салтанатымен атап өтті. Серке театрының алдында ағайын көп жиылды. Олар қыстан аман-есен шығып «елдің аузы – аққа…

1. Бүгін ізгілік пен мейірімнің мерекесі – көрісу күні. Амалды әсіресе, батыс өңіріндегі жұртшылық қал-қадірінше тойлайды.Ұлытаулықтар да мерекені барынша сән-салтанатымен атап өтті. Серке театрының алдында ағайын көп жиылды. Олар қыстан аман-есен шығып «елдің аузы – аққа, малдың аузы – көкке тигендеріне» дән риза.
2. Наурыз мейрамы биыл да дәстүр бойынша 10 күн тойланады. Бірақ бұл 10 күн демалыс болады деген сөз емес. Ресми мерекелік күндер наурыздың 21-і, 22-і мен 23-і болып қала бермек. Оған дейінгі күндер, яғни, бүгіннен бастап Ұлыстың Ұлы күніне әзірлікке әрі ұлттық мұрамызды дәріптеуге арналмақ.
3. Қаламыздыңмектептерінің бірінде оқушылар 10 наурыздан бастап түгел ұлттық нақыштағы киім киіп жүр. Тек балалар ғана емес, мұғалімдер де жұмысқа қазақы заманауи стильдегі шапан-камзолмен келеді. Бүгін көрісу күнінде арнамыздың тілшілері №11 жалпы білім беретін мектепте болып қайтқан болатын.
4. Қаражал қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде қазыналы өңірдің 60 жылдығы аясында-кітапхана оқырмандары арасында «Үздік Ана» сайысы өтті. Өндірісті өлкеге арнайы барып келген тілшіміз әрі қарай кеңірек тарқатады.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


