ULYTAU AQPARAT Қорытынды жаңалықтар 15.03.23
1. Науқастың саулығына дәрігерден кем қарамайтын денсаулық жанашырлары – медбикенің арқалаған жүгі ауыр, міндеттелген жұмысы көп. Медицинаның негізгі күші саналатын медбикелер сырқаттың келіп түскенінен сауығып, аяғына тұрып кеткеніне дейін бәйек болады. Әйткенмен, медбикелердің…

1. Науқастың саулығына дәрігерден кем қарамайтын денсаулық жанашырлары – медбикенің арқалаған жүгі ауыр, міндеттелген жұмысы көп. Медицинаның негізгі күші саналатын медбикелер сырқаттың келіп түскенінен сауығып, аяғына тұрып кеткеніне дейін бәйек болады. Әйткенмен, медбикелердің еңбегі дәрігердің көлеңкесінде қалып, елеусіз қалатыны және бар.Бүгінгі кейіпкеріміз Ақжан Дәрібаева адал еңбегімен абырой тұғырына көтеріліген жанның бірі.
2. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру жүйесі жүзеге асырылуда. Медициналық көмектің қаржыландыру көлемі мен қолжетімділігін арттыру үшін жаңа инновациялық технологиялардың игерілуіне жол ашқан МӘМС-тің Ұлытау облысында жүзге асырылу барысы туралы бүгін "Ұлытау облысының өңірлік коммуникациялар қызметінің" алаңында өткен брифингте баяндалды.
3. Наурыз-ізгілік пен мейірімділіктің, жаңарудың және игі істердің мерекесі. Ұлыстың ұлы күні қарсаңында шаһарымыздағы облыстық балалар үйінде қайырымдылық шарасы өтті.
4. Жезқазған қалалық ардагерлер кеңесі жанынан құрылған зейнеткерлердің әуесқой театры көрермендерге ерекше жоба ұсынды. Наурыз мерекесі қарсаңында қолға алынған шара жөнінде кеңірек келесі бейнематериалда.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


