ULYTAU AQPARAT Қорытынды жаңалықтар 16.03.23
1. Наурыз бірлік пен берекенің,ынтымақ пен татулықтың мейрамы. Ұлыстың ұлы күнінінің ұлт тарихы үшін де маңызы ерекеше. Күнтізбе бойынша игі істер күні -18 наурыз. Осыған орай жасалған игілікті іс жайында тілші тарқатады.

1. Наурыз бірлік пен берекенің,ынтымақ пен татулықтың мейрамы. Ұлыстың ұлы күнінінің ұлт тарихы үшін де маңызы ерекеше. Күнтізбе бойынша игі істер күні -18 наурыз. Осыған орай жасалған игілікті іс жайында тілші тарқатады.
2. Ауа райының күрт жылуынан Кеңгір су қоймасының бетіндегі мұз еріп жатыр. Бұл кезеңде әсіресе балықшылардың абай болғаны жөн.
3. Қазақтың ұлттық бұйымдары алтынмен апталып, күміспен күптеліп мыспен мықталған. Шебердің қолы ортақ демекші, он саусағынан өнер тамған небір зергерлер әшекейдің түр түрін жасаған. Сондықтан бір біріне ұқсамайтын сан алуан бұйым бүгінге дейін жеткен. Наурыз мерекесі қарсаңында Жезқазған тарихи-археологиялық музейінде қазақтың ұлттық нақышында зергерлік бұйымдар жасау бойынша шеберлік сағаты өтті.
4. Ұлытау облысы перзентханаларындағы нәрестелердің 6 пайызы шала туылады екен. Жыл басынан бері 38 бала мерзімінен бұрын туған. Осы санаттағы сәбилердің өсу қабілеті төмен болу қаупі басым. Көз ауруларын дер кезінде анықтау үшін Қазақстан халқына қоры жаңа облыстағы көпбейінді ауруханаға маңдай бинокулярлық офтальмоскопты сыйлады. Заманауи медициналық құрылғымен жұмыс істейтін маман қор есебінен біліктілігін арттырған.
5. Жер сағаты-жыл сайын Дүниежүзілік Тұмса табиғат қоры ұйымдастыратын жаһандық акция. Ол әр наурыздың соңғы сенбісінде өтеді. Осыған орай Ұлытау облысы бойынша экология департаментінде Жер сағаты 2023 Қазақстан экологиялық акциясын өткізуге арналған баспасөз конференциясы ұйымдастырылды
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


