Жаңалықтар

ULYTAU AQPARAT Қорытынды жаңалықтар 17.03.23

1. Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға бұл жолы 7 адам жазылған.

ULYTAU AQPARAT Қорытынды жаңалықтар 17.03.23

1. Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға бұл жолы 7 адам жазылған.
2. ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаменті «Білім алу арқылы құзыреттілікті қалыптастыру» тақырыбында мемлекеттік қызметшілермен кездесу өткізді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес мемлекеттік қызметке кіру кезінде артық кедергілерді жою және одан шығу тәртібін оңайлату жөніндегі жұмыстар туралы және мемлекеттік қызметшілерді бағалау бойынша Агенттікпен енгізілген өзгерістермен таныстырып, оның ішінде Мемлекеттік қызметке іріктеу және қабылдау процесін толық цифрландыру жолында атқарылып жатқан жұмыстар жайы айтылды.
3. 19 наурызда Қазақстанда Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауы өтеді. Жалпы, сайлау кезінде дауыс берушілер қандай талаптарды білуі керек?Дауыс беру қалай өтеді? Тілші тарқатады.
4. «Қазақстан дауысы.Балалар» мега жобасында Ұлытау облысының намысын Ердос Әбіләшім есімді кішкентай жерлесіміз қорғамақ. 28 ақпанда бастау алған байқаудың үшінші кезеңіне жолдама алып келген жас әншіні жақындары-ұстаздарымен бірге арнамыздың түсіру тобы да күтіп алды.
5. Бүгін елорда уақыты бойынша сағат 12:00-де еліміздегі барлық мектептер мен колледждерде бір мезгілде қазақ күйлері орындалды. «Наурыз мейрамы» ұлттық челленджіне №13 мектептің домбырашылар ды өз үлестерін қосты.
6. Жезқазған тарихи-археологиялық музейінде Наурыз тойы дүбірлеп өтті. Ұлттық салт-дәстүр көрініс тапқан мерекелік салтанат жайында тілші тарқатады.
7. Жезқазған қаласының әкімі Қайрат Шайжанов қала активіне жаңа бөлім басшыларын таныстырды.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты