Жаңалықтар

ULYTAU AQPARAT Қорытынды жаңалықтар 21.02.23

1.Жезқазған қаласының әкімі аймақ ақсақалдарымен кездесті. Кездесу барысында халық пен билік өкілдері бірқатар мәселелерді талқылады.

ULYTAU AQPARAT Қорытынды жаңалықтар 21.02.23

1.Жезқазған қаласының әкімі аймақ ақсақалдарымен кездесті. Кездесу барысында халық пен билік өкілдері бірқатар мәселелерді талқылады.

2.Елімізде мәжіліс және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлаулары Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мейрамының қарсаңында өтеді. Кезектен тыс сайлау 19 наурызға белгіленді. 18 ақпан күні Мәжіліс пен мәслихат депутаттығына кандидаттар үгіт-насихат жұмыстарын бастады.

3.«Халық қатысатын бюджет» жобасы Қазақстанда осыдан төрт жыл бұрын іске қосылған. Ол қаланы және тұрғын үйлердің аулаларын абаттандыруға бағытталған. Биыл Жезқазған қаласында халықтық жобаларды жүзеге асыруға 331 миллион 483 мың теңге бөлініп отыр.

4.Жыл басынан бері Жезқазғанда пияз 70 процентке дейін қымбаттаған. Көкөністің өзге түрлері бойынша да баға өскен. Сондықтан, күн сайын бұлқынған бағаға тосқауыл қою мақсатында тұрақтандыру қорындағы тауарлар дүкен сөрелеріне шығарыла бастады.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты