Жаңалықтар

ULYTAU AQPARAT Қорытынды жаңалықтар 23.02.23

1. Қала әкімі Қайрат Шайжанов Кеңгір ауылының тұрғындарымен кездесті. Ауыл тұрғындары көтерген мәселелер туралы толығырақ тілші бейнематериалында..

ULYTAU AQPARAT Қорытынды жаңалықтар 23.02.23

1. Қала әкімі Қайрат Шайжанов Кеңгір ауылының тұрғындарымен кездесті. Ауыл тұрғындары көтерген мәселелер туралы толығырақ тілші бейнематериалында..
2. Ұлытау облысында 12 мың азаматтың банкке берешегі бар. Қарызға батқандарды банкроттық заң құтқаруы мүмкін. Аймақ тұрғындарымен кездескен Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері осылай дейді.
3. Әділетті Қазақстанда сыбайластыққа орын жоқ. Халыққа болсын дейтін, өз ісін жетік меңгерген азаматтар депутат болып сайлануы керек. Әлеуметтің әл-ауқатын көтеру, барлық саланы дамыту,азы-түлік бағасын тұрақтандыру. Ел алдында жүрген азаматтар осыны басты назарда ұстаса, қоғам жаңарады. Алдағысайлаудан мол үміткүткенқарапайымхалықтыңпікірі осы.
4. Жезқазған тарихи-археологиялық музейінде Алаш-ұлттық рухтың арқауы тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
5. Бүгінгі таңда Ұлытау облысында медициналық мекемелерде тіркелген 220 674 тұрғын бар болса, оның 29 502 міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде сақтандырылмаған. Әлеумметтік медициналық сақтандыру қоры коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ұлытау облысы бойынша филиалы Атамекен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Ұлытау облысы бойынша өкілдігімен бірлесіп кәсіпкерлерге арналған конференция өткізді.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты