ULYTAU AQPARAT Қорытынды жаңалықтар 24.01.23
1. Интернет-алаяқтық қазір қылмыстың ең көп тараған түріне айналды. Сайттар мен әлеуметтік желілер арқылы онлайн-сауда жасау кезінде адамдардың жеке мәліметі интернет кеңістігінде сақталады. Міне, сол есепшоттардағы ақшаны аударып алатындар көбейді. Бүгін бұл туралы Ұлытау…

1. Интернет-алаяқтық қазір қылмыстың ең көп тараған түріне айналды. Сайттар мен әлеуметтік желілер арқылы онлайн-сауда жасау кезінде адамдардың жеке мәліметі интернет кеңістігінде сақталады. Міне, сол есепшоттардағы ақшаны аударып алатындар көбейді. Бүгін бұл туралы Ұлытау облысы ПД тергеу басқармасының бастығы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте баяндады.
2. Жол ережесін сақтаймыз ба? Желдей жүйіткіген жүргізушілерді қайтпек керек? Бүгін арнамыздың түсіру тобы Жезқазған қаалалық полиция басқармасының патрульдік полиция қызметкерлерімен рейдке шыққан болатын.
3. Облыстық білім басқармасының Ризашылық мейірімділік бұлағы жалпыұлттық мәдени білім беру жобасы аясында Ұлттық пікірсайыс дебат турнирінің облыстық кезеңі ұйымдастырылды.
4. Сәтбаевтық Кеншілер сазы ансамблі мерейтойын атап өтті. Шынболат Ділдебаев атындағы кеншілер сарайының жанынан құрылған фольклорлық топ-биыл 10 жылдық белесте.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


