Жаңалықтар

ULYTAU AQPARAT Қорытынды жаңалықтар 24.02.23

1. Облыстық төтенше жағдай басқармасында төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, оның ішінде су тасқыны салдарынан туындаған төтенше жағдайларды жоюды ұйымдастыру, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың іс-қимылдары бойынша іс-шараларды қалыптастыру мақсатында…

ULYTAU AQPARAT Қорытынды жаңалықтар 24.02.23

1. Облыстық төтенше жағдай басқармасында төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, оның ішінде су тасқыны салдарынан туындаған төтенше жағдайларды жоюды ұйымдастыру, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың іс-қимылдары бойынша іс-шараларды қалыптастыру мақсатында оқу-әдістемелік кеңес өтті.
2. Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Ұлытау облысының сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасының іске асыру жолындағы аралық нәтижелері» туралы брифинг өтті.
3. Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы,бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Ұлытау облысына жасаған ресми сапарында Ахмет Ишан Оразайұлы атындағы мешітте жұма намазын жүргізіп, жамағатқа уағыз айтты.
4. Ұлытау облысында жайлы мектеп жобасы аясында 7 мектеп салынады. Оның алғашқысы биыл 1-қыркүйекте пайдалануға беріледі. Бұл туралы аталған жобаның үйлестірушілері айтты. Жайлы мектеп ұлттық жобасы шеңберінде біздің өңірде қолға алынатын жұмыстар жайында толығырақ келесі бейнесюжетте.
5. Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Өңір басшысының қабылдауына алдын ала 5 азамат жазылған.
6. Облыс орталығында Ұлытау облысының рухани дамуы тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Толығырақ келесі бейнесюжетте.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты