Жаңалықтар

ULYTAU AQPARAT Қорытынды жаңалықтар 24.03.23

1. Жезқазған іргесіндегі Талап ауылының тұрғындары Ұлыстың ұлы күнін тойлаудың нағыз үлгісін көрсетті. Наурыз мейрамында ауыл ортасында киіз үй тігіп, ұлттық салт-дәстүрді кеңінен насихаттады. Қариялар батасын беріп, ұлттық ойын түрлеріне ауылдықтар түгел қатысты.

ULYTAU AQPARAT Қорытынды жаңалықтар 24.03.23

1. Жезқазған іргесіндегі Талап ауылының тұрғындары Ұлыстың ұлы күнін тойлаудың нағыз үлгісін көрсетті. Наурыз мейрамында ауыл ортасында киіз үй тігіп, ұлттық салт-дәстүрді кеңінен насихаттады. Қариялар батасын беріп, ұлттық ойын түрлеріне ауылдықтар түгел қатысты.
2. Ұлытау облысы мәслихатының партиялық тізім бойынша сайланатын депутаттардың сайлау қорытындысы шығарылды.Саяси аламанға 6 партия қатысты. Бәріне тең мүмкіндік берілді.Бір ай бойы үміткерлердің ұсыныстары мен бағдарламалары бәсекеге түсті. Халық олардың жоспарларымен жан-жақты танысып, шешуші кезеңде өз таңдауларын жасады. Азаматтардың таңдауы да әр түрлі. Осылайша Ұлытау облысының мәслихатының бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша 13 депутат сайланды.Оның 8-і Аманат партиясынан, 2-еуі «Ауыл»халықтық-демократиялық патриоттық партиясынан, Қазақстанның «Байтақ»жасылдар партиясынан-1еу, «АқЖол»демократиялық партиясынан 2-еу.
3. Наурыз мейрамында қазақ халқы бір-бірлеріне деген өкпе-ренішті ұмытып, мейірімділіктің озық үлгісін танытқан» деп көркем үнмен ұлыс мерекесін қарсы алған облыстық кітапхана қызметкерлері Наурыз мейрамының Қазақстан халқы үшін рухани-мәдени тәрбиелік мәнін арттырып, маңызын дәріптеп ұйымдастырған.
4. IQanat олимпиадасы Қазақстанның ауыл оқушыларына арналған бірегей жоба. Ұлытау облысының орталығында аталған байқаудың екінші кезеңі өтуде.
5. Шаһарымызда Наурыз мейрамы аясында 2011-2012 жылдары туған балалар арасында дзюдо күресінен турнир өтті. Толығырақ келесі бейнесюжетте.
6. Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы Жезқазған-Қарағанды автожолындағы жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысып, Қабанбай батыр шағын ауданында 300 орындық мектеп салуға бөлінген жер учаскесін барып көрді.
7. Қаламызда жаңа жиһаз дүкені ашылды. 100 пайыз Қазақстандық материалдардан жасалатын жиһаздардың 30 пайызы дүкеннің жеке цехында өндіріледі. Толығырақ тілшіміз тарқатсын.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты