Жаңалықтар

ULYTAU AQPARAT Қорытынды жаңалықтар 26.01.23

1. Елімізде синтетикалық есірткі тұтынатындар көбейген. Бұл аса қауіпті әлеуметтік кесел. Өз Жолдауында осыған тоқталған Президент жастарды синтетикалық есірткіден қорғау жайын баса айтты. Соңғы үш жылда тәркіленген синтетиканың көлемі 10 есеге артқан.

2. Жаңарқа ауданында пайдаланылмай жатқан 84 мың гектар жер анықталып, мемлекет меншігіне қайтарылды. Енді ол жерлер тұрғындардың игілігіне берілетін болады.
3. Ауруды ерте кезеңде анықтау-оның дамуына жол бермейді. Соның ішінде онкологиялық ісіктерді ерте анықтау арқылы адам өмірін сақтап қалуға да болады. Қатерлі ісікті ерте анықтаудың бірден-бір жолы-скрининг.
4. Жезқазған қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы жеке тұрғын үйлердегі өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын қадағалау және белгіленген жоспарға сай түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында кезекті рейдке шықты.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты