Жаңалықтар

ULYTAU AQPARAT Қорытынды жаңалықтар 31.01.23

1. Ұлытау облысында құрылғанына аз ғана уақыт болғанына қарамастан «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы қаншама кәсіпкердің құқықтарын қорғап, талай жанның кәсіп ашуына ұйытқы бола білді. Мұнан өзге аудандармен тығыз байланыста болып палата өз қызметін тиісті дәрежеде атқарып…

ULYTAU AQPARAT Қорытынды жаңалықтар 31.01.23

1. Ұлытау облысында құрылғанына аз ғана уақыт болғанына қарамастан «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы қаншама кәсіпкердің құқықтарын қорғап, талай жанның кәсіп ашуына ұйытқы бола білді. Мұнан өзге аудандармен тығыз байланыста болып палата өз қызметін тиісті дәрежеде атқарып, елдің сеніміне ие болды.
2. Қаражал қаласында Ұлытау облысындағы әдеп жөніндегі кеңестің алғашқы көшпелі отырысы болды.
3. Көпқабатты үйлердің проблемаларын шешіп, мұқтаждарын өтеуде пәтер иелерінің кооперативтері өзін өзі ақтамағандығы туралы көп айтылды. Қатарынан бірнеше үйді кооперативтеріне қосып алған кейбір төрағалар тұрғындардан тек ақша жинаумен айналысты. Енді міне, елдегі барлық пәтер иелері кооперативтері жұмысын тоқтатады. Оның орнына меншік иелері бірлестігі немесе жай серіктестік болады.
4. Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы өңірдегі іскер әйелдермен кездесті.
5. Ұлытаулық бүркітшілер Павлодардан олжалы оралды. Жерлестеріміз аңшылық өнердің үздігі, баянауылдық Мәуия Әбікеевті еске алуға арналған ашық турнирге қатысып қайтқан еді.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты