ҰЛЫТАУ АУДАНЫНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Ұлытау ауданында табиғатты қорғауға бағытталған «Мөлдір бұлақ» республикалық экологиялық акциясы өтті. Ақтасты бұлақ аумағында өткен іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, кәсіпорын қызметкерлері, белсенді жастар мен аудан тұрғындары қатысты.
Игі бастама аясында қатысушылар бұлақтың айналасын қоқыстан тазартып, санитарлық тазалау және абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Табиғи су көзін күтіп-баптауға бағытталған шараға 95-ке жуық адам жұмылдырылды. Акция өңірдегі экологиялық ахуалды жақсартумен қатар, тұрғындардың табиғатқа жанашырлық көзқарасын қалыптастыруды көздейді.
«0076 5 ШІ ЗВУКТАН: / Бұл акцияның мақсаты-ол бұлақтарды тазалау және қасындағы аумақтарды абаттандыру. Бұл акция еліміздің 12 өңірінде өтіп жатыр. Шамамен 10мың адам қатысады. Бұл акцияны алдағы уақытта да жалғасын табады деген сенімдеміз. Және де барлық жастарды, азамат азаматшаларымызды бұл акцияға белсенді қатысуларын сұраймыз»
— Рүстам Құнанбаев, ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі тарифтік саясат департаменті директорының орынбасары
«Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы республика көлемінде ұйымдастырылды. Оның аясында еліміздің 12 өңіріндегі 58 бұлақ пен 33 су нысанында тазалау және абаттандыру жұмыстары жүргізілген.
Табиғатты қорғауға бағытталған мұндай игі бастамалар өңірде дәстүрлі түрде жалғасып, қоршаған ортаға жанашырлық мәдениетін нығайтуға өз үлесін қоспақ.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


