«ULYTAU» ФУТБОЛ КЛУБЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ОЙЫНЫ

Қазақстан премьер-лигасынының 9 шы турының аясында «Ұлытау» командасы Алматылық «Қайрат» клубымен кездесу өткізді . Тартысқа толы ойын жайында тілшіміз Жүніс Төрегелдин толығырақ тарқатсын...
Металлург стадионы жаңкүйерлерге лық толып, ойынның маңыздылығы бірден байқалды. Алғашқы таймның 33 ші минутында Қайрат футболшылары қарымта шабуылға шығып, Ойва Юкколаның пасының арқасында атақты Дастан Сатпаев есеп ашты. Тайм соңында қонақтар тарапынан ойын тәртібі бұзылып Әділет Сәдібековке қызыл қағаз көрсетіліп, алаңнан қуылды.
Бүгін Қайрат командасына жанкүйер болып келіп отырмын. 1 таймда Қайрат гол салғанда қатты қуандым. Қазір де гол салады деген үміттемін. Бұйырса бір 3/0 қылады деген ойдамын. 1 таймда болған қызыл карточкамен келіспеймін, себебі хотябы ары кетсе сары карточка беру керек еді. Тоже кішкене қапаланып қалдым ішімнен ше. Мен негізі Алматы облысынан келіп отырмын.
2 тайм басталысымен Ұлытаулықтар сандық басымдығын пайдаланып, Қайратты қыспаққа алды. 83 минутта жерлестеріміз толассыз шабуылдарының арқасында бұрыштама добын орындауға мүмкіндік алды. Даниэль Мауленовтың әуелете көтерген добын Максим Чалкин баспен қақпаға дәл бағыттап есепті теңестірді.
Кеш жарық! Біз бүгін ұпай жоғалтқанымызға қатты жабырқаулымыз. Бізде болған моменттерді пайдалануымыз керек еді. Бұл тең есепті қабылдау керек. Біздің жігіттерге алғыс айтамын, табандылық танытып жақсы ойын көрсете алды деп ойлаймын. Біздің санымыз аз болсада. Болашаққа сеніммен қараймыз, қателектірмен жұмыс жасап, күштірек ораламыз. Тек алға, тек жеңіске ұмтыламыз.
Бірінші алғысымды біздің жанкүйерлерге білдіргім келеді, олардың алаңда орнатқан атмосферасы үшін. Осындай ерекше қолдау біраздан бері болып тұр. Одан кейін жігіттерге біздің құрамдағы рақмет айтамын, олар көрсетіп келе жатқан ойындардың арқасында қазір топ 5 тікке кіреміз. Және айта кететін жайт бүгінгі жанкүйерлердің арасында балалардың көп балғаны қатты қуантты. Олар футболды сүйіп, қызығып өсіп келе жатқанына ризамын. 1 таймда гол өткізіп алдық, бірақ сосын есепті теңестірдік. Иә қызыл карточканың арқасынада олардың саны аз болды. Және бұл бізге септігін тигізді. Қарсылас команда қанша мықты болсада, біз барлық жағынан басым түстік.
Футбол додасы 1:1 есебімен тең аяқталды. Айта кететін жайт маусым басталғалы жерлестеріміз өз алаңында жеңіліс таппады. Қазіргі таңда 15 ұпай еншіленіп, турнир кестесінде 5 орында келеді. Келесі кездесу 17 мамыр күні «Жеңіс» футбол клубымен «Астана Арена» стадионында өтеді.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


