«ULYTAU» ФУТБОЛ КЛУБЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ЖЕҢІСІ

Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының 13-туры аясындағы ойындар мәреге жетті. «Ұлытау» футбол клубы өз алаңында елордалық «Жеңісті» қабылдап, 2:1 есебімен жеңіске жетті.
Кездесу қонақ команданың белсенділігімен басталды. Ойынның алғашқы бөлігінде «Жеңіс» сапынан Адилио Коррейа дос Сантос есеп ашып, елордалық клубты алға шығарды. Бұдан кейін алаң иелері допқа бақылауды күшейтіп, қарсылас қақпасына бірнеше қауіпті соққы бағыттады.
«Матчтың қиын болатынын алдын ала білдік. Қарсыластың өз алаңындағы артықшылығы мен алаң жамылғысының ерекшелігін ескердік. Соған қарамастан, бірінші таймдағы ойын сапасына көңілім толады. Команда бірнеше қауіпті шабуыл ұйымдастырып, гол соғатын мүмкіндіктер жасады. Алайда стандартты жағдайлардағы қателіктер мен ойыншылардың шоғырлануының төмендеуі нәтижеге әсер етті. Жіберіп алған голдан кейін қарсылас ойынға қайта оралып, бастаманы өз қолына алды»
— Әли Әлиев, «JENIS» ФК бас бапкері
Екінші таймда Ұлытаулық Георгий Бугулов есепті теңестірді. Осыдан кейін Бақдәулет Зұлфықаров жеңіс голын соғып, ойын нәтижесін «Ұлытау» пайдасына өзгертті.
Осылайша «Ұлытау» футбол клубы турнирлік кестеде бесінші орынға көтерілді. Айта кетейік, келесі матч 20 маусым күні Қызылорда қаласында «Қайсарға» қарсы өтеді.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


