ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ТЕКСЕРУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ЖИЫНЫ

Ұлыту облысы бойынша Тексеру комиссиясының жиыны өтті. Онда – аталған комиссияның кезекті аудиторлық тексерісінің қорытындысы шығарылды. Тексеру комиссиясы бұл жолы – облыстық Денсаулық сақтау басқармасы жұмысына бюджеттік бағытта тексеріс жүргізген. Атап айтар болсақ, басқармаға қарасты 9 мекеме толықтай зерделенген. Тексерудің қорытынды жиынына облыс әкімінің орынбасары Нұртас Кәріпбаев, денсаулық сақтау басқармасының басшылығы мен комиссия мүшелері қатысты. Тексеру жұмысы 11 млрд теңгенің жұмысы негізінде қарастырылған...
«(11 млрдтың ішінде бірқатар бұзушылықтар анықталды. Оның ішінде қаржылық бұзушылықтар және тиімсіз бағалау мен тиімсіз жоспарлау бар. Бұдан бөлек ғимараттардың тозуы, жабдықтардың жаңғыртылмауы, кадрлық тапшылық мәселелері де бар.)»
— Ернұр Тұрлыбекұлы, Ұлытау облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


