ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНА ЖАҢА ӘКІМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Мемлекет басшысының Жарлығымен Есет Берікұлы Байкен Ұлытау облысының әкімі болып тағайындалды. Жаңа өңір басшысын облыс активіне Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов таныстырды. Есет Байкен 1986 жылы Қарағанды облысының Нұра ауданында дүниеге келген. Қаржы және құқықтану салалары бойынша жоғары білім алған. Еңбек жолын Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында бастап, кейін Астана қаласы әкімі аппаратында, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде, Қарағанды облысы Нұра ауданының әкімі, Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа ауданының әкімі, Нұр-Сұлтан және Астана қалалары әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған. Ұлытау облысының әкімі болып тағайындалғанға дейін Астана қаласы әкімінің орынбасары болды.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


