Жаңалықтар

ҰЛЫТАУ СПОРТЫНЫҢ КЕЗЕКТІ БИІГІ

ҰЛЫТАУ СПОРТЫНЫҢ КЕЗЕКТІ БИІГІ

Ақтауда каратэден 12-17 жас аралығындағы спортшылар арасында 5-ші әлем чемпионаты өтті. Дүбірлі додаға бірнеше елдің жас спортшылары қатысты. Байрақты бәсекеде Ұлытау облысының каратэшілері де ел намысын қорғады. Жүлдемен оралған жерлестерімізді қарсы алуға Ұлытау арнасының түсірілім тобы да барды.

Әлемнің әр түкпірінен үздік спортшылар бас қосқан додада жерлестеріміз де жақсы нәтиже көрсетіп, Рамазан Тукушев жүлделі үшінші орынға ие болды. Ал облыстың бірнеше спортшысы халықаралық дан-тесттен сәтті өтіп, қара белбеуге қол жеткізді.

«ВИДЕО: 03234 // және Осы чемпионат мираға қатысқаным деп басталып, алтын алуға тырысамын// деген жерге дейін»

— Рамазан Тукушев, әлем чемпионатының жүлдегері

«Ұлытау облысының ұлттық құрамасымен деп басталып, дайындаламыз Алла Қаласа// деген жерге дейін»

— Мәди Сейтқалиев, жаттықтырушы

Облыс спортшылары әлемдік додада тәжірибесін шыңдап, қоржынды жүлдемен толықтырды. Алда спортшыларды жаңа жарыстар күтіп тұр. Ендігі мақсат – желтоқсандағы Еуразия чемпионатында үздіктер қатарынан көріну.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты