Жаңалықтар

ҰЛЫТАУ СПОРТЫНЫҢ КЕЗЕКТІ БИІГІ

ҰЛЫТАУ СПОРТЫНЫҢ КЕЗЕКТІ БИІГІ

Маусым айының 4 і мен 7 сі аралығында Түркістан қаласында 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында байдарка мен каноэде есуден Азия чемпионаты өтті. 15 мемлекеттен – 350 ден астам ескек есу шебері жиналған құрлықтық додадан ұлытаулық ескекшілер үлкен жетістікпен оралды!

Ескек есу спорты – біздің өңірде кеңінен қанат жайған. Кеңгір су қоймасында жаттығатын жерлестеріміз бұл спорт бойынша олимпиада ойындарында да бақ сынаған. Төрт қақпалы Түркістанның төрінде атой салған өрендеріміз Азия чемпионатында 4 алтын, 7 күміс жүлдеге ие болды.

«(Мен бес қашықтық бойынша сынға түстім! Соның барлығында жүлдеге ілігіп, алғашқы үштіктен көріне білдік! Командаластарым мен бапкерлеріме алғыс айтамын!)»

— Тимофей Таранов, Азия чемпионы

«( Жарыс өте жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын айтқым келеді. 500 метрлік жұптық сында күміс жүлдені жеңіп алсақ, 200 метрлік жұптық жарыста алтынға қол жеткіздік. Бәрі де тегеурінді дайындықтың арқасы!)»

— Даниил Коляда, Азия чемпионы

Айта кетейік, жыл басында Жезқазғанда байдарка мен каноэда ескек есушілерді даярлайтын жаңа спорт мектебі бой көтерген болатын. Азия додасындағы айтулы жеңіс - заманауи талаптарға сай салынған орталық жұмысының жемісі!

«(Азия чемпионаты біздің елде алғаш рет өтті! Біз дайындыққа ерекше мән бердік! Ең бастысы, артылған сенімді ақтауға тырыстық және ақтадық деп ойлаймыз! Жеңісте күндеріміз көп болсын!)»

— Егор Борисов, жаттықтырушы

Айта кетейік, Азия чемпионатында Қазақстан ұлттық құрамасы 20 алтын, 17 күміс, 7 қоламен жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды!

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты