Жаңалықтар

«ҰЛЫТАУ» УНИВЕРСИТЕТІ АЛҒАШҚЫ СТУДЕНТТЕРІН ҚАБЫЛДАДЫ

«ҰЛЫТАУ» УНИВЕРСИТЕТІ АЛҒАШҚЫ СТУДЕНТТЕРІН ҚАБЫЛДАДЫ

Оқу маусымында өңірдің білім саласындағы оң жаңалық! Жезқазғанда «Ұлытау» университеті алғашқы оқу жылын бастады. Білім мен өндірісті ұштастыруды көздеген оқу орны аймаққа қажетті жаңа буын мамандарын даярлауға кіріспек.

Облыс орталығында ашылған білім ордасы – Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында қолға алынған жоба. Университет Ғылым және жоғары білім министрлігі, «Қазақмыс» корпорациясы, Ұлытау облысының әкімдігі және Satbayev University арасындағы ынтымақтастық негізінде құрылды. Басты міндеті – өңірдің тау-кен саласына білікті мамандар даярлау. Биыл университет алғашқы студенттерін қабылдады. Мұнда білім беру үдерісі тәжірибемен ұштастырылған. Ал триместрлік оқу жүйесі бакалавриат бағдарламасын үш жылда меңгеруге мүмкіндік береді.

«Негізгі мақсатымыз – теориялық білім мен практикалық тәжірибені ұштастыру. Біздің университет осы бағытты алғашқылардың бірі болып жүзеге асырмақ. Қазіргі таңда көптеген жоғары оқу орындарында білім беру үдерісінің 95 пайызы теорияға, небәрі 5 пайызы тәжірибеге негізделген. Ал біздің университетте бұл көрсеткіш теңестіріліп, білімнің 50 пайызы теорияға, 50 пайызы практикалық жұмысқа бағытталмақ. Бұл студенттердің болашақ мамандығына тез бейімделуіне, өз бағытын нақты таңдауға және оқу барысында-ақ өндірісте жұмыс істеп, тәжірибе жинақтауына мүмкіндік береді. Жоспар бойынша, түлектер университетті тәмамдаған кезде еңбек тәжірибесіне ие болып, оны жұмысқа орналасу барысында пайдалана алады»

— Айдос Мерекеұлы, Ұлытау университетінің Басқарма Төрағасы - Ректор

Айта кетейік, Ұлытау университеті еліміздегі тау-кен саласына қажетті мамандар даярлауға бағытталған жоғары оқу орындарының қатарын толықтырып отыр. Енді өңір жастары мен осы салада еңбек еткісі келетін азаматтар кәсіби білімді туған жерінде алып, алған білімін аймақтың өндірістік дамуына жұмсай алады.

«С2187 Мен Атырау обл, Атырау қаласынан келдім»

— Айжан Марат, Ұлытау университетінің студенті

Биыл университетке 163 студент қабылданды. Олардың арасында мемлекеттік грант иегерлері де, ақылы негізде білім алатындар да бар. Ал «Қазақмыс» корпорациясы 25 студентке арнайы мақсатты грант бөлді.

«С2189 Мен университет туралы – грант ұтып алдым деген жеріне дейін»

— Мақсат Оспанұлы, Ұлытау университетінің студенті

Алдағы уақытта университеттің материалдық-техникалық базасы да кеңейе түспек. Жаңа білім ордасы өңірдің кадрлық әлеуетін арттырып, тау-кен саласына қажетті жас мамандардың қалыптасуына жол ашады.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты