ҰЛЫТАУДА ӨНЕРДІҢ ШАМЫН ЖАҚҚАН!

Ұлытауда өнердің шамын жаққан!
Самат Баймышев –Жезқазған Музыкалық колледжінің түлегі. 2011 шы жылы қолына дипломды ала сала, туған жерге туын тігуге келген азаматтың аудандық Мәдениет үйінде еңбек етіп жүргеніне биыл тура – 15 жыл. Ол – «Киелі сахнада жүру үлкен жауапкершілік болса, Ұлытаудың сахнасына шығу айрықша мәртебе!» - дейді...
Аудандық Мәдениет үйі ұжымы – ауданға қарасты елді-мекендерді түгелдей аралап, кеш береді. Осы істің басы қасынан табылатын біздің кейіпкер – өнердің оты ауылда деген пікірде.
Өзгелерден қоңыр даусымен ерекшеленіп тұратын Самат – қоңыр мінезімен де ортаға сыйлы, әріптестеріне үлгі!
Самат Баймышев халыққа кеңінен танылған әндерден бөлек атворлық туындылар жаздыруды да қолға алуда. «Ұлтты өлтірмейтін оның төлтума мәдениеті!» - дейтін аталы сөзді Ұлытаудың биігінде ұран етіп жүрген өнер өкілінің жемісті қадамдары оңынан болғай!
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


