Жаңалықтар

ҰЛЫТАУДЫҢ ҚОС ҚЫРАНЫ

ҰЛЫТАУДЫҢ ҚОС ҚЫРАНЫ

«Айбатты да қайратты қос қыран!» Осындай атаумен Жезқазған қалалық орталықтандырылған кітапханасында Ұлытаудың қос перзенті, публицист-жазушылар Баубек Бұлқышев пен Мұқан Иманжановтың 110 жылдығына арналған әдеби сағат өтті...

Баубек Бұлқышев пен Мұқан Иманжановтың есімі – Ұлытау мен ұлт үшін егіз ұғымға айналған. Бір жылда, бір мекенде дүниеге келген қос қыранның 110 жылдығы – өңірде биылғы әдеби шаралардың негізгі бағыты болуда. Аталған тұлғалардың құнды мұраларын кең көлемде насихаттауды көздеген шараға – зиялы қауым өкілдері мен облыстық Музей қызметкерлері, «Ұлар» әдеби клубының мүшелері және студенттер қатысты.

Іс шара барысында Баубек пен Мұқанның бір-біріне жазған достық хаттары оқылып, жалынды жырлары жатқа айтылды. Ізінен ерген қалам ұстаған қауым қос тұлғаның ғибратты ғұмыр жолына тереңірек тоқталып, бірқатар дәйекті мысалдар келтірді...

Баубек Бұлқышев пен Мұқан Иманжановтың 110 жылдығына арналған мәдени әдеби шаралар Ұлытау облысында жыл бойы ұйымдастырылмақ.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты