Жаңалықтар

«ҰЛЫТАУДЫҢ ҰЛАНДАРЫ – ҚАЗАҚ РУХЫНЫҢ ҚЫРАНДАРЫ!»

«ҰЛЫТАУДЫҢ ҰЛАНДАРЫ – ҚАЗАҚ РУХЫНЫҢ ҚЫРАНДАРЫ!»

«Ұлытаудың ұландары – қазақ рухының қырандары!» Осындай атаумен облыстық кітапханада Ұлытаудың қос перзенті, публицист-жазушылар Баубек Бұлқышев пен Мұқан Иманжановтың 110 жылдығына арналған рухани танымдық кеш өтті...

Баубек Бұлқышев пен Мұқан Иманжановтың есімі – Ұлытаудың да, ұлттың да тарихына алтын әріппен жазылған! Кешегі Кеңестік дәуірде қазақ әдебиетіне өзгеше үнмен келген қос тұлғаны еске алуға арналған кеш - облыстық мәдениет, тілдерді дамыту дамыту және архив ісі басқармасы өкілінің алғысөзімен ашылды...

Тағылымды шараға – өңір ақсақалдары мен зиялы қауым өкілдері, кітапхана оқырмандары және белсенді жастар қатысты.

Ұлытау ауданындағы Баубек пен Мұқанға арналған еңселі ескерткіштің орнатылуына тікелей себепкер болған еңбек ардагері Рақыш Нәшкенқызы игілікті іс жайындағы естелігімін бөлісті...

Іс шара барысында Баубек пен Мұқанның бір-біріне жазған достық хаттары оқылып, жалынды жырлары жатқа айтылды. Ұлытаудың қос перзентін ұлықтауға арналған шаралар әрі қарай да жалғаса бермек...

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты