Жаңалықтар

ҰЛЫТАУЛЫҚ ОҚУШЫЛАР «IQANAT» ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КЕЗЕҢІНЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

ҰЛЫТАУЛЫҚ ОҚУШЫЛАР «IQANAT» ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ  РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КЕЗЕҢІНЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

Ұлытау облысының озат оқушылары «IQanat» республикалық олимпиадасының финалдық кезеңіне жол тартты. Аталған білім додасында өңір намысын қорғайтын оқушыларды Алматы қаласына шығарып салған түсірілім тобының бейнематериалына кезек берелік...

«IQanat» - ауыл мектептеріндегі дарынды балаларды қолдауға бағытталған жоба. Олимпиаданың ақтық сынына аттанған оқушылардың бірі -Ұлытау ауданындағы №3 жалпы білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы Мырзайым Қодар.

Жас талапкерді Алматыға арнайы шығарып салғандар қатарында Мырзайымның әжесі де болды.

Биыл «IQanat» олимпиадасының финалында Ұлытау облысынан жеті оқушы бақ сынайды. Оның біреуі – Ұлытау ауданынан болса, алтауы Жаңаарқа ауданынан.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты