Жаңалықтар

ҰЛЫТАУЛЫҚ ЖАС САРБАЗДАР ӘСКЕРГЕ АТТАНДЫ

ҰЛЫТАУЛЫҚ ЖАС САРБАЗДАР ӘСКЕРГЕ АТТАНДЫ

Елімізде көктемгі әскерге шақыру науқаны жүргізілуде. Мемлекет басшысының Жарлығымен 1 ші наурыздан – 30 шы маусымға дейін жалғасатын мерзімді шақыру жұмыстары аясында ұлытаулық жас сарбаздардың бір тобы Алматы облысының Қонаев қаласындағы Десанттық шабуылдар бөліміне әскери қызметке аттанды...

Мерзімді әскери қызметке шығарып салу шарасы салтанатты түрде ұйымдастырылды. Көктемгі әскерге шақыру науқанында Ұлытау облысынан 300 ге жуық жас сарбаз Отан алдындағы азаматтық борышын өтеуге жіберілмек...

Бұл күні ұлытаулық 11 сарбаз Қонаев қаласындағы 323-63 десанттық шабуылдар бөліміне аттанды. Бөлім өкілі – аталған әскери мекеменің тарихы тереңде екендігін жеткізді...

Жастардың әскери-патриоттық рухын күшейту және Отан алдындағы борышын өтеуге жіберіліп жатқан азаматтарға құрмет білдіру мақсатын көздеген шараға әскери саланың ардагерлері мен ата-аналар қауымы арнайы қатысып, балаларының жолына бата беріп, құтты қадам тіледі!

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты