ҰЛЫТАУЛЫҚ ЖАСТАР КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАНЫ ҚОЛДАЙДЫ

Облыс орталығындағы «Жігер» спорт кешенінде жаңа Конституция жобасын қолдауға арналған кең ауқымды жастар форумы өтті. «Әділетті әрі прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» атты жиынға жиналған мыңға жуық жас - ел ертеңіне қатысты маңызды оқиғаға жастардың үнін жеткізді...
Форум салтанатты түрде Мемлекеттік әнұранмен басталды. Жиынға – студенттермен бірге жұмысшы мамандар, медицина саласының өкілдері мен шығармашыл және түрлі саладағы белсенді жастар қатысты. Мұнда қатысушылар: конституциялық өзгерістердің тиімділігі, олардың елдің одан әрі дамуына және әділетті, прогрессивті қоғам қалыптастырудағы рөліне кеңірек тоқталды.
Форум концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. Жергілікті өнерпаздар рухты әндер шырқап, жиналғандарға айрықша көңіл күй сыйлады.
Ілкімді шара өңір жастарына ашық диалог пен пікір алмасуға арналған алаңға айналып, референдумды қолдау мен Қазақстанның жарқын болашағы идеясы төңірегінде біріктірді.
2596 1ші звук:Жаңа Ата Заңның жастар үшін маңыздылығы жоғары! Сол себепті де, Мемлекет болашағына қатысты сындарлы шешім қабылданатын сәтте – олар барынша белсенді болмақ! Айта кетейік, Республикалық Референдумға 3 күн қалды!
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


