Жаңалықтар

«ҮМІТТІҢ АЛҚЫЗЫЛ ЖЕЛКЕНІ»

«ҮМІТТІҢ АЛҚЫЗЫЛ ЖЕЛКЕНІ»

Жезқазғанда «Үміттің алқызыл желкені» атты ХХ қалалық шығармашылық фестивалі ұйымдастырылды. Ерекше күтімді қажет ететін балалар бас қосқан өнер мерекесінде қатысушылар ән айтып, би билеп, өз өнерлерін ортаға салды.

Фестиваль сахнасында бірі ән шырқаса, енді бірі би билеп, көрерменнің қошеметіне бөленді. Балалардың музыкалық аспаптарда орындаған шығармалары да көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Сонымен қатар, олардың суреттері мен қолөнер бұйымдары қойылған «Әлем балалар көзімен» атты көрме де ұйымдастырылды. Осылайша, қатысушылар өнерін сахнада ғана емес, шығармашылық жұмыстары арқылы да таныстырды.

Фестивальдің ата-аналар үшін де маңызы зор. Әсіресе, шығармашылық үйірмелерге тұрақты қатыса алмайтын балалар үшін бұл - сахнаға шығып, өз мүмкіндіктерін байқатуға жол ашатын маңызды шара.

Іс-шара соңында фестивальге қатысқан балалар мен бірқатар мекемелер марапатталып, қаржылай сыйақылар табысталды. Өнер арқылы үмітке қанат бітірген бұл бастама алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты