Жаңалықтар

«ҰРПАҚҚА ЖОЛ КӨРСЕТКЕН ҰСТАЗДАР!»

«ҰРПАҚҚА ЖОЛ КӨРСЕТКЕН ҰСТАЗДАР!»

«Ұрпаққа жол көрсеткен ұстаздар!» Аталған тақырыпта Ұлытау аудандық тарихи-өлкетану музейінде – мұғалімдер мерекесіне арналған тағылымды шара өтті... Тілшіміз толығырақ тарқатады.

Аудан музейінде өткен мерейлі шараға – 20-30-40 жылдық тәжірибесі бар майталман мұғалімдер мен жас педагогтер қатысты. Мұндағы негізгі мақсат: мәртебелі мамандықтың қыр-сырын тереңірек меңгерген ұстаздардың ұлықты жолын өскелең ұрпаққа үлгі ету.

Дөңгелек үстел басына жиналған ардагер ұстаздар мен жалынды жастар Білім саласындағы оң өзгерістер жайында пікір алмасты. Мектеп, ұстаз, ата-ана үштігінің бірлескен жұмысы да осы жиында сөз етілді. Аға буын өкілдері іс шара ұйымдастырушыларына ақ жүректен алғыстарын білдірді.

Иә, Музей қызметкері мен мектеп мұғалімі жұмысының бір арнада тоғысатын тұсы да бар. Екеуі де жұртшылыққа ағартушылық, танымдық бағытта еңбек етеді.

Тағылымды шара – жергілікті өнерпаздардың ән шашуымен қортындыланды.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты