Жаңалықтар

ҰСТАЗ ҰЛТТЫҢ ШАМШЫРАҒЫ!

ҰСТАЗ   ҰЛТТЫҢ ШАМШЫРАҒЫ!

Сәтбаев қаласында мұғалімдер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Шынболат Ділдебаев атындағы Кеншілер сарайындағы мерекелік кеште білім саласының ардагерлері ұлықталып, үздік педагогтер мен озық білім беру ұйымдары марапатталды.

Мерекелік жиын облыс әкімі Есет Байкеннің алғысөзімен ашылды. Өңір басшысы өскелең ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие берудегі ұстаздың рөлін айрықша атап өтті.

Мерекелік шарада білім саласының ардагерлеріне де айрықша құрмет көрсетілді. Салаға сіңірген көп жылғы еңбегі үшін оларға облыс әкімінің атынан естелік сыйлықтар мен гүл шоқтары табысталды. Сондай-ақ облыстық мәслихат төрағасы Бауыржан Шыңғысов құттықтау сөз сөйлеп, ұстаз еңбегінің маңызына тоқталды.

Салтанатты кеште педагогтердің кәсіби жетістіктері лайықты бағасын алды. Бірқатар ұстаз «Құрмет» ордені, «Ерен еңбегі үшін», «Еңбек ардагері», «Ыбырай Алтынсарин» медальдарымен, сондай-ақ Оқу-ағарту министрлігінің Құрмет грамотасы мен алғыс хаттарымен марапатталды. Бұдан бөлек, «Ұлытау білім үздігі» байқауында топ жарған 10 педагогке 1 миллион теңгенің сертификаттары табысталды. Ал, «Үздік ұйым» аталымында үш білім беру ұйымы үздік деп танылып, әрқайсысына 6 миллион теңгеден сертификат берілді.

Марапаттау рәсімі мерекелік концертке ұласты. Ұстаздарға арналған кеште өңір өнерпаздарымен қатар Кенжебек Жанәбілов, Еркін Нұржанов сынды қазақ эстрадасының жарқын өкілдері өнер көрсетіп, көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты