Жаңалықтар

«USTAZ ULYTAU» ЖОБАСЫНА 5 ЖЫЛ

«USTAZ ULYTAU» ЖОБАСЫНА   5 ЖЫЛ

Жезқазғанда білім беру жүйесін дамытуға бағытталған - «Ustaz Ulytau» педагогикалық трансформация орталығының бес жылдығына арналған мерейтойлық кездесу өтті. «Даму траекториялары: жаңа мүмкіндіктерге жол» тақырыбындағы жиынға Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Жайлаубаев, мектеп директорлары, педагогтер, сарапшылар мен жоба өкілдері қатысты.

«Ustaz Ulytau» - білім сапасын арттыру мақсатында ұстаздар, мектеп басшылары мен сарапшылардың тәжірибесін біріктіретін бірегей әлеуметтік жоба. Орталық 2021 жылы «Қазақмыс корпорациясының» бастамасы және қаржылық қолдауы негізінде құрылды. Бүгінде жоба Ұлытау облысының Жезқазған, Сәтбаев қалалары мен Ұлытау ауданында және Қарағанды, Жамбыл облыстарында жүзеге асырылып келеді. Бес жыл ішінде «Ustaz Ulytau» шағын бастамадан өңірдегі білім беру жүйесін дамытуға ықпал ететін үлкен кәсіби ортаға айналған.

Жоба аясында педагогтердің кәсіби дамуына, мектеп басқару мәдениетін жетілдіруге және білім беру сапасын арттыруға бағытталған көптеген бастама жүзеге асты. Мерейтойлық кездесуде орталықтың бес жылдық жұмысы қорытындыланып, өңір мектептеріндегі оң өзгерістер мен үздік тәжірибелер таныстырылды. Сондай-ақ, қатысушылар алдағы міндеттерді де талқылады.

Ustaz Ulytau» - мектептердің даму бағытын айқындап, білім беру жүйесіне жаңа көзқарас қалыптастыруға бағытталған ұзақ мерзімді жоба. Жиын барысында қазақстандық және халықаралық сарапшылар заманауи білім беру тәжірибелерімен бөлісіп, жаңа мүмкіндіктерді таныстырды.

«1530 перевод: Біз Канадалық халықаралық мектеп пен «Ustaz Ulytau» жобасы арасындағы ынтымақтастық, бірлескен жұмыстар туралы бөлісу үшін келдік. Бұл – жергілікті педагогтердің дамуына бағытталған өте маңызды жоба. Мен Жезқазғанға алғаш рет келіп отырған жоқпын, бұл – төртінші сапарым. Осындай ауқымды бастаманың бір бөлігі болғаныма қуаныштымын. Жоба аясында ұстаздармен тәжірибе алмасып, пікір бөлісіп, бірлескен жұмыстар атқарып келеміз. «Ustaz Ulytau» жобасының болашағы зор деп сенемін және бұл бастаманың алдағы уақытта да жалғасын табатынына үміттімін»

— Хазаал Аббас, Астана қаласындағы Канадалық халықаралық мектеп директорының орынбасары

Ұйымдастырушылардың айтуынша, алдағы уақытта да «Ustaz Ulytau» педагогтердің кәсіби дамуына, мектептердің жаңаруына және сапалы білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталған жұмыстарын жалғастырады.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты