ҮСТЕЛ ТЕННИСІ ТУРНИРІ

Жезқазғанда Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай «Салауатты өмірді таңдаймыз» атты үстел теннисінен қалалық біріншілік өтті.
Заң мен тәртіп қағидаты аясында ұйымдастырылған шара жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға, спортқа қызығушылығын арттыруға және зиянды әдеттердің алдын алуға бағытталды. Додаға қала мектептерінен келген 30-ға жуық жас спортшы қатысты.
Үстел теннисі - шапшаңдық пен жинақылықты талап ететін спорт түрі. Тартысты өткен ойындарда жас спортшылар жоғары дайындық деңгейін көрсете білді.
Шара соңында үздік ойыншылар арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Ұйымдастырушылар мұндай бастамалар жастардың спортқа деген қызығушылығын арттырып, салауатты өмір салтын таңдауға жол ашатынын айтады.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


