ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН БІРІНШІЛІК ӨТТІ

Жезқазғандағы «Жігер» дене шынықтыру және сауықтыру кешенінде Наурыз мерекесіне орай үстел теннисінен қалалық біріншілік өтті. Тартысты додаға қаламыздың жасөспірімдерінен бастап ересектерге дейінгі әртүрлі санаттағы спортшылар қатысып,өз шеберліктерін көрсетті.
Жарысқа 6-дан 69 жасқа дейінгі 50-ден астам спортшы қатысты. Теннис үстелінде спортқа жаңа қадам басқан жас ойыншылар мен тәжірибелі қатысушылар бақ сынасып, жанкүйерлерге тарысты ойын өрнегін ұсынды.
Жарысқа қатысушылардың қатарында 69 жастағы Сәдуақас Шынжырбаев та бар. Ол өзінің ұзақ жылғы тәжірибесі мен табандылығының арқасында мұндай жарыстарға белсенді қатысып, жас буынға үлгі болып келеді.
Бүгінде қаламызда үстел теннисіне деген жасөспірімдердің қызығушылығы артып келеді.Аталған турнир - соның айқын көрінісі.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


