Жаңалықтар

ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ЕЛ БІРІНШІЛІГІ ӨТУДЕ

ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ЕЛ БІРІНШІЛІГІ ӨТУДЕ

Облыс орталығындағы «Жігер» спорт кешенінде - 2011 жылы туған және одан жас спортшылар арасында үстел теннисінен Қазақстан Республикасының Чемпионаты басталды.

Чемпионаттың басты мақсаты – өскелең ұрпақ арасында үстел теннисін дамыту, аталған спорт түрін кеңінен насихаттау және болашағынан үміт күттіретін жас таланттарды анықтау. Додада еліміздің 18 өңірінен - 19 команда бақ сынауда. Жалпы қатысушылар саны 200 ден асады. Соның ішінде Ұлытау облысының намысын 23 жас теннисші қорғауда.

Үстел теннисі - жылдамдық пен шеберлікті қатар талап етеді. Еліміздің әр түкпірінен келген жас спортшылар: командалық, жеке, жұптық және аралас жұп санаттары бойынша өзара мықтыларды анықтайды. Ұйымдастырушылардың айтуынша республикалық турнирдің Ұлытау облысында өтуі - өңірдегі балалар мен жасөспірімдердің үстел теннисіне қызығушылығын арттырып, аймақ спортын дамытуға тың серпін бермек.

Айта кетейік, турнир бір аптаға жалғасады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау салтанаты 1 ші ақпанға жоспарланған.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты