Жаңалықтар

ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ҚАЛАЛЫҚ МЕКТЕП ЛИГАСЫ ӨТУДЕ

ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ҚАЛАЛЫҚ МЕКТЕП ЛИГАСЫ ӨТУДЕ

Жезқазған қаласындағы №7 мектеп-лицейінде мектеп оқушылары арасында үстел теннисінен қалалық мектеп лигасы өтіп жатыр.Дәстүрлі турнирге қаладағы барлық білім беру ұйымдарынан құралған командалар қатысуда. Бұл жарыс жасөспірімдерді спортқа баулуға және дарынды оқушыларды анықтауға бағытталған.

Үстел теннисі - оқушылардың жылдамдығын, дәлдігін және шапшаң шешім қабылдау қабілетін дамытатын спорт түрі. Қазіргі таңда жарыс 9–11 сынып оқушылары арасында өтіп, турнирге барлығы 15 команда қатысуда.Жалпы жарыс 6 күнге жоспарланған.

Жарысқа қатысушылар турнирге жақсы дайындалып келгендерін айтады. Тартысты өткен кездесулерде олар өз шеберліктерін көрсетіп, жеңіске деген жігерін танытты. Мұндай жарыстар жас спортшыларға тәжірибе жинауға, өз мүмкіндіктерін сынауға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, 9-11 сыныптар арасындағы қалалық кезеңнің жеңімпаздары ертең марапатталады. Ал турнир алдағы күндері 7-8 және 5-6 сынып оқушылары арасында жалғасын таппақ.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты