Жаңалықтар

«ҮЗДІК АУЛА – 2026» БАЙҚАУЫ

«ҮЗДІК АУЛА – 2026» БАЙҚАУЫ

Қала күнінде облыс орталығында «Үздік аула – 2026» байқауының жеңімпаздары марапатталды. Байқау аулалардың тазалығы мен абаттандырылуын насихаттап, тұрғындардың ортақ іске белсенді атсалысуын көздеді.

Байқау «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында қолға алынған. Негізгі мақсат – қала тұрғындарын қоршаған ортаны таза ұстауға ынталандырып, аулаларды абаттандыруға үлес қосқан белсенді тұрғындарды қолдау. Шараны Жезқазған қаласының әкімдігі мен қала мәслихаты және бірлесе ұйымдастырды.

«Бұл жоба екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде өтінімдер ұсынды, оған жеке тұлғалар, КСК, ОСилар өтінімдерін беріп, келесі кезеңде комиссия мүшелері (ары қарай қиып тастау керек)»

— Раушан Қапарова, Жезқазған қалалық мәслихатының төрағасы

Байқауға қала бойынша 27 өтінім келіп түскен. Комиссия мүшелері аулаларды арнайы бекітілген талаптар бойынша аралап, санитарлық тазалығы, абаттандырылуы, жасыл желектің жай-күйі, сондай-ақ балаларға арналған алаңдардың қауіпсіздігіне назар аударды. Нәтижесінде 13 номинация бойынша үздіктер анықталды.

«(«Үздік аула» конкурсына қатысып, «Армандағы аула» номинациясын жеңіп алдық. Біз осы үйде 27 жыл болды тұрғанымызға. Біздің көршілеріміздің барлығы сондай ұйымшыл, әрқайсысы өзінің үлесін қосады осындай ауламызды таза ұстауға, оны безендіруге жағдай жасап, балаларға жағдай жасап, сол үшін көршілеріме рақмет айтамын»)»

— Айгүл Медебаева, қала тұрғыны

Сонымен қатар, аулалардың тазалығы мен абаттандырылуына үлес қосып жүрген жандар да марапатталды. Тұрғын үй саласында ұзақ жылдар бойы қызмет етіп келе жатқан азаматтардың еңбегі еленіп, тұрғындарға жайлы орта қалыптастыруға қосқан үлестері үшін алғыс білдірілді.

«Мен осы мекемеде 2009 жылдан бері жұмыс істеймін. Осы уақыт ішінде шебер қызметін атқарамын. Негізгі міндетім – жылу тораптары мен жертөле бөлмелерін ретке келтіру, ыстық және суық сумен жабдықтау жүйелерінің жұмысын қамтамасыз ету, сондай-ақ жылыту маусымына дайындық жұмыстарын жүргізу. Баршаңызды қала күнімен құттықтаймын. Көрсетіліп жатқан құрмет пен айтылған жылы лебіздер үшін алғысымды білдіремін. Мұндай құттықтаулар алдағы уақытта да жақсы еңбек етуге ынталандырады»

— Фридрих Герберсгаген, «УЮТ-2007» пәтер иелері коперативінің өкілі

Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Үздік аула» байқауы алдағы уақытта да жалғасын табады. Келесі жылы да тұрғындардың белсенділігін арттырып, аулаларды абаттандыруға және қаланың көркеюіне үлес қосқан үздіктерді анықтау жоспарлануда.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты