ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ

Облыс әкімдігінде өңір басшысының төрағалығымен құқықбұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты төрт мәселе қаралды.
Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе- мал ұрлығы. Мәселен,2025 жылы облыс аумағында 171 ұрлық тіркелсе, оның 20-сы мал ұрлығына қатысты болған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 42,9 пайызға жоғары. Тәртіп сақшыларының айтуынша, қылмыстардың 70 пайызы ашық жайылымдарда орын алған. Комиссия жүргізген жұмыстар нәтижесінде 113 бас мал иелеріне қайтарылды.
Жиында сондай-ақ 2024–2028 жылдарға арналған қоғаммен әріптестік негізіндегі қоғамдық қауіпсіздік тұжырымдамасының орындалуы талқыланды. Сараптамалық деректер бұл бағыттағы жұмыстардың көшелердегі қауіпсіздікті арттырып, құқықбұзушылықтардың қайталану деңгейін төмендеткенін көрсетті.
Жиында көші-қон жағдайы мен жол қауіпсіздігі мәселелері де қаралды. 2025 жылы облыста барлығы 215 виза берілген, оның басым бөлігін Қытай азаматтары алған. Сол жылдың ішінде 67 әкімшілік құқықбұзушылық тіркелген. Полиция қызметкерлері көші-қон заңдарын бұзу қаупі әлі де жоғары екенін ескертті. Сонымен қатар, 2026 жылғы қаңтарда жол-көлік оқиғалары 23%-ға көбейген. Негізгі себеп - жолдың жағдайы мен жүргізушілердің жылдамдықты шамадан тыс асыруы.
Ведомствоаралық жиында талқыланған барлық мәселелер облыс әкімінің жеке бақылауына алынды.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


