ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ

Бүгін - облыс әкімінің төрағалығымен құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті. Онда күн тәртібіне 3 мәселе шығарылды.
Жиында алдымен қоғамда заң мен тәртіп қағидатын нығайту бағытындағы жұмыстар сөз болды. 2025-2030 жылдарға арналған тұжырымдама аясында облыстық полиция департаменті білім беру ұйымдарымен, жергілікті атқарушы органдармен және қоғамдық ұйымдармен бірлесіп, тұрғындардың құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған ақпараттық-түсіндіру және профилактикалық шараларды жүйелі түрде жүргізіп келеді.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе - демалыс және ойын-сауық орындарындағы қоғамдық тәртіптің жай-күйі. Полиция департаментінің мәліметінше, «102» арнасына келіп түскен хабарламалар тұрақты түрде сараланып, құқық бұзушылық жиі орын алатын нүктелер анықталуда. Бұл өз кезегінде оқиғаларға жедел әрекет етіп, алдын алу жұмыстарын күшейтуге мүмкіндік береді. Жыл басынан бері аталған арнаға 38 хабарлама түскен. Оның басым бөлігі Сәтбаев қаласында тіркелген. Осыған байланысты облыс әкімі ойын-сауық орындарында профилактикалық жұмыстарды күшейтіп, «Заң және тәртіп» қағидатының сақтатулын қатаң бақылауды тапсырды.
Сондай-ақ комиссия отырысында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесі қаралды. Қатысушылар олардың әлеуметтік бейімделуі мен қоғамға қайта кірігуіне бағытталған қолдау шараларын талқылады.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


