Жаңалықтар

ВЕТЕРИНАРИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ВЕТЕРИНАРИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Бүгін - Ветеринария қызметкерлері күні. Осыған орай облыс әкімдігінде салтанатты жиын өтіп, өңірдің ветеринариялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге елеулі үлес қосқан сала мамандары мен ардагерлері мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапатталды.

Ветеринария - мал саулығын ғана емес, халықтың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін стратегиялық маңызды сала. Салтанатты жиында сөз сөйлеген облыс әкімінің аппарат басшысы Кеңгірбай Смағұлов ветеринария қызметкерлерінің еңбегі елдің әл-ауқаты мен ауыл шаруашылығының тұрақты дамуына қосылған зор үлес екенін атап өтті.

Салтанатты шарада сала ардагерлері мен үздік мамандарға «Еңбек ардагері» медалі, «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісі, Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттар табысталды. Солардың қатарында ветеринария саласына 40 жылын арнаған Үсенғали Айтпаев та бар. Ол бұл марапатты көп жылғы еңбектің бағасы деп есептейді.

Өңірдегі ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде ауыл шаруашылығы мамандарының еңбегі де ерекше. Солардың бірі - Мұса Шманов. Ұлытау ауданы Амангелді ауылдық округінің ветеринариялық пункт меңгерушісі көп жылғы еңбегі үшін облыстың Құрмет грамотасымен марапатталды.

Ветеринар мамандарының еңбегі - мал шаруашылығының дамуы мен халықтың азық-түлік қауіпсіздігінің маңызды кепілі. Бүгінгі марапат - осы жауапты саланың мамандарына көрсетілген құрметтің белгісі.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты