ВОЛЕЙБОЛДАН ӘЙЕЛДЕР АРАСЫНДАҒЫ АШЫҚ БІРІНШІЛІК

Өңірде кезекті спорт додасы өтуде. Бұл жолы - облыс орталығындағы «Ұлытау» спорт сарайында волейболдан әйелдер арасындағы Жезқазған қаласының ашық біріншілігі басталды...
Дәстүрлі түрде өтетін ашық біріншілік 100 ге жуық волейболшыны бір алаңға жинады. Жарыстың салтанатты ашылуында Ұлытау облыстық волейбол федерациясының президенті Серікбай Бәрменше қатысушыларға сәттілік тіледі.
Жезқазған қаласы әкімдігінің қолдауымен, дене шынықтыру және спорт бөлімі ұйымдастырып жатқан чемпионатқа Жезқазған, Сәтбаев қалалары мен Жаңаарқа ауданы және Қарағанды облысынан жиналған 8 команда қатысуда...
Бүгін ашық біріншіліктің іріктеу ойындары өтуде. Ал, ақтық кездесулер мен марапаттау рәсімі ертең 13ші маусымға жоспарланған.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


