Жаңалықтар

ВОЛЕЙБОЛДАН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ОЙЫНЫ

ВОЛЕЙБОЛДАН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ОЙЫНЫ

Волейболдан ерлер арасындағы Ел чемпионатының 3 ші тур ойындары өтуде. Бұл турда Ұлытау облысының «Ұлытау» командасы – Түркістандық «Тұран» командасын өз алаңында қабылдап, ойын 0 де 3 есебімен қонақтардың пайдасына шешілді...

«Жігер» дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде өткен ойын тартысты сәттерге толы болды. Әрине, Біріншіліктің басты фавориттерінің санатындағы «Тұран» командасы алғашқы минуттардан басымдық көрсете білді...

Чемпионат аясында командалар бір-бірімен үш мәрте кездеседі. Бұл - Қазақстан Республикасының 34 ші чемпионаты. Жарысқа кәсіби дәрежегеі төрешілер – төрелік етуде...

-(Бүгінгі ойын өте жоғары деңгейде өтті. Келесі тур ойындары – Маңғыстау облысында ұйымдастырылады. Жергілікті жанкүйерлердің волейбол ойынына деген қолдауы мен қызығушылығына тәнті болдық.) Айта кетейік, «Ұлытау» командасы ел чемпионатының жоғары лигасында биылғы маусымда алғаш рет өнер көрсетуде. Жас команда үшін аталған ойындар – болашақ жеңістерге қажетті тәжірибе алаңы!

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты