Жаңалықтар

ВОЛЕЙБОЛДАН ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ КУБОГЫ САРАПҚА САЛЫНУДА

ВОЛЕЙБОЛДАН ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ КУБОГЫ САРАПҚА САЛЫНУДА

Жезқазғанда ерлер командалары арасындағы Қазақстан Республикасының волейбол чемпионатының 34-турындағы бесінші кезең ойындары өтуде.

«Жігер» дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде өтіп жатқан жарыстың басты мақсаты -еліміздегі волейбол спортының дамуына серпін беру, өңірлер арасындағы спорттық байланысты нығайту және спортшылардың шеберлігін шыңдау. Салтанатты ашылу рәсіміне Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков арнайы қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Аталған жарысқа еліміздің әр өңірінен келген алты команда қатысып отыр. Командалар қазіргі таңда турнир кестесінде 5 пен 10 орын аралығындағы нәтижелер үшін өзара бақ сынауда.Жарыс айналмалы жүйе бойынша ұйымдастырылған, яғни әр команда бір-бірімен кездесіп шығады.

Тартысты өткен кездесулерде командалар жеңіс үшін бар күш жігерін салуда. Қызылорда қаласының «Қайсар» волейбол клубы алғашқы ойындарының бірінде қарсыласын бес партияға созылған тартысты матчта жеңіп, жеңіске қол жеткізді.

«1731 / Ойынның ашылуы болып ойындар әлі өтуде.Ұйымдастырушыларға көп рахмет,өте керемет деңгейде ұйымдастырып жатыр және де Қайсар волейбол клубына,Қазақстан волейбол федерациясына алғысымыз шексіз. Өте керемет деңгейде өтіп жатыр жарыс. Қарсыластарымыздың барлығы жақсы деңгейде жақсы тренировка жасап дайындалған, барлығы мықты. Барлық командаларға сәттілік тілеймін»

— Айбол Балтабай, «Қайсар» волейбол клубының ойыншысы (Қызылорда қаласы)

Айта кетейік,ойындар 15-20 сәуір аралығында өтеді.Турнир барысында үздік өнер көрсеткен волейболшыларға ұлттық құрама сапына ілігу мүмкіндігі берілмек.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты