«WORLDSKILLS ULYTAU – 2026» ӨҢІРЛІК КӘСІБИ ШЕБЕРЛІК ЧЕМПИОНАТЫ

Сәтбаев қаласында «WorldSkills Ulytau – 2026» өңірлік кәсіби шеберлік чемпионаты қорытындыланды.
Үш күнге созылған кәсіби шеберлік байқау сайыстары биыл - Жезқазған жоғары политехникалық колледжі мен Жезқазған индустриалды-гуманитарлық колледжі базасында өтті. Кәсіптік бағытта білім алатын 115 студент - 28 құзыреттілік бойынша өз дағдыларын сынға салды. Жарыс қорытындысында үздік қатысушылар дипломдармен және медальдармен марапатталды. Сайыскерлерді чемпионатының сәтті аяқталуымен Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары құттықтады.
-( Жалпы елімізде кәсіби-техникалық білім берудің маңызы өте ерекше. Кәсіби білікті маман мемлекет үшін, қандай қоғам болмасын қашанда құнды, ерекше маңызға ие. Экономиканың өзегі, ол ең алдымен әр салада еңбек етіп жатқан білікті мамандар. Осы залда отырған біздің кәсіптік - техникалық білім беру ұйымдарының шәкірттері, болашақ мамансыздар. Осындай байқауларда өздеріңіздің оқыған-тоқыған, жинаған білімдеріңізді, қалыптастырған дағдыларыңызды сынайсыздар, тәжірибе алмасасыздар сол себепті барлық қатысушыларға қашан да сәттілік тілейміз.) Чемпионатқа Жезқазған, Сәтбаев, Қаражал, қалаларымен қатар Жаңаарқа ауданы мен Қарсақбай кентінің колледждері қатысты. Студенттер оқу барысында үйренгендерің тәжірибе алаңында көрсете алды...
-(Осы Worldskills Ulytau кәсіби шеберлік байқауына эксперт ретінде қатыстым. Мен жетекшілік еткен студентім Бексұлтан Нұрболсын инженерлік графика құзыреттілігі бойынша жүлделі 1 орынды алып, республикалық байқауға жолдаманы жеңіп алдық. Инженерлік графика құзыреттілігі бойынша үш күн бойы тартысты байқау өтті, әр модульде әртүрлі тапсырмалар берілді. Осы тапсырмаларда үздік болып, бірінші орынды иелендік.) -(Қазақмыс корпорациясы Технологиялық колледжінің 3 курс студентімін. Осы WorldSkills Ulytau байқауына қатысып жүлделі бірінші орынды иелендім. Осы WorldSkills Ulytau - 2026 байқауын ұйымдастырып жатқан ұйымдастырушыларға үлкен алғысымды айтамын. Осы жұмыс барысында, сызба сызу барысында немесе өлшеу жағынан қиындықтар болды, бәрін ойдағыдай еңсеріп шықтым. Өз көңілімнен шықты, барлығыда ұнады.) Айта кетейік, байқаудың өңірлік кезеңінде топ жарғандар республикалық кезеңде Ұлытау облысының намысын қорғайтын болады.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


