ЫНТЫМАҚ АРЕНАСЫ: ҰЛТТЫҚ СПОРТ ПЕН РУХАНИ КЕЛІСІМ АЛАҢЫ

Қоғамдағы тұрақтылық пен татулық - ел дамуының маңызды негіздерінің бірі. Ұлытау облысында осы құндылықтарды дәріптеуге бағытталған «Ынтымақ аренасы» клубы жұмыс істейді. Алаңның басты мақсаты - түрлі конфессия өкілдері арасындағы диалогты дамытып, өзара түсіністікті нығайту.
Үш жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан клуб бүгінде өңірдегі жеті діни бірлестіктің басын қосып отыр. Бұл - әртүрлі діни көзқарастағы азаматтардың ашық пікір алмасып, ортақ бастамаларды жүзеге асыратын алаңы. Мұнда қоғамдағы өзекті мәселелер талқыланып, бірлік пен келісімді сақтаудың маңызына ерекше назар аударылады.
«Перевод:Біз әртүрлі конфессия өкілдері болғанымызбен, бір елдің азаматтарымыз. Сондықтан өзара сыйластық пен түсіністік негізінде бейбіт өмір сүруге толық мүмкіндік бар. Клуб жұмысы арқылы адамдардың бір-біріне құрметпен қарап, ортақ құндылықтар төңірегінде біріге алатынын көрсетуді мақсат етеміз. Қазақстанның зайырлы саясаты да түрлі дін өкілдерінің татулықта өмір сүруіне жағдай жасап отыр»
— Дмитрий Полтаренко, Ұлытау облысы діни бірлестіктер клубының модераторы
Бұл жолы клуб мүшелері бейресми жағдайда бас қосты. Мәдени-танымдық бағдарлама аясында қатысушылар атпен серуендеп, ұлттық ат спортының қыр-сырымен танысты. Сондай-ақ садақ ату сайысы бойынша мергендіктерін де сынап көрді.
Ұйымдастырушылар мұндай кездесулердің маңызы жыл сайын артып келе жатқанын айтады. Өйткені ашық диалог пен өзара құрмет қоғамдағы бірлік пен татулықты бекемдей түседі.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


