ЗАМАНАУИ КРИМИНАЛИСТИКАЛЫҚ ТЕХНИКАЛАР КӨРМЕСІ

«Заң мен тәртіп!» Аталған қағидат аясында Жезқазған қаласы Полиция басқармасында - Ұлытау облысы Полиция Департаментінің ұйымдастыруымен «Заманауи криминалистикалық техникалар көрмесі» өтті...
Аталған көрме барысында сала мамандары «Жылжымалы криминалистикалық зертхана» мүмкіндіктері; «Цифрлық криминалистика» сынды жобалармен таныстырды. Негізгі мақсат: құқық қорғау органдарындағы заманауи құрылғылармен таныстыру...
-(Көрмеге - криминалистикалық техникалардың заманауи үлгісі қойылған. Мұнда біз Астана, Алматы, Қарағанды қалаларынан арнайы шақырған фирмалар аталған бағыттағы өнімдерін көрсетуде. Басымдық – цифрландыру саласына берілген.) Көрмеге облыстық мәслихат депуттары арнайы қатысты. Олар қылмысты жедел ашуға бағытталған құқық қорғау органдарындағы құрылғылардың жасанды интеллектіге негізделгені – саладағы оң жаңалықтардың бірі екендігін айтады.
Іс-шара соңында қатысушылар пен полиция департаменті өкілдерді материалдық-техникалық жарақтандыруды одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


