ЗАҢ МЕН ТӘРТІП ҚОҒАМНЫҢ БЕРІК ТІРЕГІ

Жезқазғанда «Заң мен тәртіп: сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және интернет-алаяқтықтың алдын алу» тақырыбында семинар өтті. Іс-шара барысында қоғамда құқықтық мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және интернет-алаяқтарынан сақтану мәселелері кеңінен сөз болды.
Семинардың басты мақсаты - құқықтық сауатты арттырып, адалдық қағидаттарын дәріптеу, сондай-ақ интернет-алаяқтықтың кең таралған тәсілдері мен одан қорғанудың тиімді жолдарын түсіндіру. Мамандар заңды құрметтеу мен азаматтық жауапкершілікті күшейту - қауіпсіз қоғам қалыптастырудың басты алғышарты екенін атап өтті.
Семинар барысында жастардың цифрлық қауіпсіздігіне ерекше назар аударылды. Қатысушыларға интернет-алаяқтардың жиі қолданатын айла-тәсілдері түсіндіріліп, қаржылық қауіпсіздікті сақтау, экономикалық құқықбұзушылықтың алдын алу және заң талаптарын құрметтеу мәдениетін қалыптастыру бағытындағы маңызды ақпараттар ұсынылды.
Сондай-ақ семинар барысында қатысушылардың құқықтық сауаттылығын саралауға арналған танымдық сұрақ-жауап ұйымдастырылды. Белсенділік танытып, барлық сауалға жауап берген қатысушылар арнайы сыйлықтармен марапатталды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай ақпараттық-түсіндіру шаралары алдағы уақытта да жалғасын таппақ.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


