Жаңалықтар

ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – ЖОЛДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК

ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – ЖОЛДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК

Ұлытау облысының прокуратурасы мен «Яндекс Такси» қызметі «Заң мен тәртіп» қағидатын насихаттау мақсатында бірлескен шара өткізді. Жоба аясында такси жүргізушілері арқылы тұрғындарға заң талаптары мен жол қауіпсіздігін сақтаудың маңызы түсіндірілді.

Енді бұл бастамаға такси жүргізушілері де атсалысады. Оларға «Заң мен тәртіп» тақырыбындағы арнайы жабдықтар мен аудиоматериалдар берілді. Ал көліктерге жолаушыларға арналған ақпараттық жапсырмалар орналастырылды.

Прокуратура өкілдері бұл жұмысты тұрғындарға ақпаратты күнделікті ортада жеткізудің бір жолы ретінде бағалайды. Өйткені такси қызметін пайдаланатын жолаушыларға заң талаптары мен қауіпсіздік ережелері туралы ақпаратты жол үстінде де еске салуға мүмкіндік бар.

Жоба басталғалы жолаушыларға екі мыңнан астам ақпараттық материал таратылған. Алдағы уақытта да бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып, тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға және жолдағы жауапкершілікті күшейтуге басымдық берілмек.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты