ЗАҢСЫЗ ҚАРЖЫ АЙНАЛЫМЫ ӘШКЕРЕЛЕНДІ

Облыста заңсыз қаржы айналымына қатысы бар Сәтбаев және Қызылорда қалаларының тұрғындарына қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімі шықты. Олар бөтен адамның банк шотын заңсыз пайдаланып, қылмыстық жолмен алынған қаражатты аударуға қатысқан.
«Тергеу барысында Сәтбаев қаласының тұрғыны Қызылорда қаласының тұрғынын заңсыз іске тартып, оның Kaspi Bank банк қосымшасына рұқсатсыз қол жеткізгені анықталды. Кейін сол арқылы вейп өнімдерін заңсыз сатудан түскен қаржы аударылып отырған. Осылайша қылмыстық жолмен 13 миллион теңгеден астам табыс тапқан»
— Абласан Құрбанов, Ұлытау облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті штабының жетекшісі
Сәтбаев қалалық сотының үкімімен айыпталушылар кінәлі деп танылды. Әрқайсысына 4 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, 200 сағат қоғамдық жұмысқа тартылды. Сондай-ақ, қылмыстық жолмен алынған 13 миллион теңгеден астам қаражат мемлекет кірісіне тәркіленді.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


