ЗАҢСЫЗ ҚОҚЫС АЛАҢДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

Облыс орталығында рұқсат етілмеген қоқыс алаңдарын анықтауға бағытталған кезекті рейд өтті. Іс-шара Ұлытау облысы бойынша Экология департаментінің бастамасымен «Таза Қазақстан» республикалық эакциясы аясында ұйымдастырылды.Аталған рейдке полиция қызметкерлері мен қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің өкілдері қатысты.
Рейд барысында 20-дан астам заңсыз қоқыс үйіндісі анықталды. Мамандар проблемалық учаскелерді арнайы тексеріп, олардың геолокациялық нүктелерін тіркеді.
«1665 / Енді сол қоқыстардың заңсыз кеп түсіп қалатын жағдайлары осы субботник уақытында жиналған қоқыстар осы қала ішінен жауапты мекемелер машиналарға тиеп жіберіп жатады полигонға.Бірақ соны қадағаламаудың әсерінен ол сол полигонға жетпей орта жолда осындай өздеріңіз көріп тұрғандай қоқыс ұйымдастыруға болады деп мен өзім есептеймін. Айтамыз ғой,таза болса табиғат-аман болар адамзат деп,өзіміздің тұрып жатқан жерімізді таза ұстау,оны қадағалау,мынандай қоқыстар тастамауға жол бермеу тұрғындарымыздың өзінен басталады»
— Шабдан Тынымбаев, облыстық экология департаменті басшысының орынбасары
Өткен 2025 жылдың қорытындысы бойынша қала аумағында заңсыз төгілген 105 қоқыс ошағы анықталып, оның 55-і жойылған. Мамандардың айтуынша, облыс құрылғаннан бері өңірдің санитариялық жағдайы айтарлықтай деңгейде қалыпқа келген. Бұл көрсеткіштер ғарыштан жүргізілген бақылау деректерімен де расталған.
«1691 / 2026 жыл наурыз айында рұқсат етілмеген қоқыстарды тастау бойынша мердігерлік ұйым анықталды. Мердігерлік ұйым ИП Усабеков. Дәл қазір ол кісілер жұмыс істеп жатыр. 2 погрузчик,3 камаз.Қазіргі уақытқа дейін жалпы 128 нүктенің 78-і жиналды»
— Арнұр Жәмел, қалалық ТҮКШ бөлімінің маманы
Мұндай рейдтер алдағы уақытта да жалғассын табады. Басты мақсат - экологиялық мәдениетті күшейту және қоршаған ортаның тазалығын сақтау.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


