Жаңалықтар

ЖАЛПЫОБЛЫСТЫҚ СЕНБІЛІК

ЖАЛПЫОБЛЫСТЫҚ СЕНБІЛІК

Өткен сенбіде өңір аумағында биылғы жылдың алғашқы «Жалпы облыстық сенбілігі» ұйымдастырылды.

Жалпыоблыстық сенбілікке тұтас облыс бойынша барлық қала-аудандардан 380 ұжым қатысып, 5000-ға жуық тұрғын белсенділік танытты. Сенбілік жұмыстарына 107 бірлік арнайы техника жұмылдырылды.

Ауқымды іс-шара елді мекендердің экологиялық жағдайы мен санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталған. Акция барысында 1152 тонна қатты тұрмыстық қалдықтар шығарылып, 140 гектар аумақ тазартылды. Сонымен қатар, санитарлық тазалықты қамтамасыз ету мақсатында 214 ағашқа қырқу жұмыстары жүргізілген.

Облыс орталығының барлық көшелерін қамтыған сенбілік жұмыстары келер аптада да жалғасын таппақ. Экологиялық акция қатысушылары: Таза қалада өмір сүру әркімнің жеке жауапкершілігіне байланысты деген пікірде...

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты