ЖАЛПЫОБЛЫСТЫҚ СЕНБІЛІК

Өңірде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ауқымды сенбілік өтті.Табиғатты аялау, қоршаған ортаны қорғау және елді мекендердің тазалығын сақтау мақсатында ұйымдастырылған шараға өңір тұрғындары, еңбек ұжымдары, мемлекеттік мекемелер, кәсіпорындар мен еріктілер белсене қатысты.
Облыстық сенбілікке жалпы саны 152 ұжым қатысып, 2500-ге жуық адам жұмылдырылды. Сонымен қатар 65 бірлік арнайы техника тартылып, нәтижесінде 420 тонна қатты тұрмыстық қалдық шығарылды. Сондай-ақ елді мекендерді көгалдандыру мақсатында 400 түп ағаш отырғызылды.
Қала тұрғындары саябақтарда, аулаларда, көшелер мен қоғамдық орындарда да тазалық жұмыстарын жүргізіп, туған өлкенің көркеюіне өз үлестерін қосты.
Айта кетейік, 2026 жылға арналған тұжырымдама аясында 34 іс-шара жоспарланған. Қазіргі таңда олардың бірқатары іске асырылып үлгерді.«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы мұндай игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын таппақ.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


