ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ АЗА ТҰТУ КҮНІ

Бүгін елімізде – Жалпыұлттық аза тұту күні. Маңғыстау облысында қызметтік міндеттерін атқару кезінде әскери қызметшілердің қаза табуына байланысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев – «25 қыркүйекті Жалпы ұлттық аза тұту күні» деп жариялады. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Үкіметтік комиссияға оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қажетті шараларды шұғыл қабылдауды және қайтыс болған жандардың отбасына көмек көрсетуді тапсырды. Ал, Бас прокуратура Ақтау гарнизонындағы оқу жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза болу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Бұл күн – Отанды қорғауға аттанған жас сарбаздардың ғұмыры қыршыннан қиылған қаралы күн...
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


